18 жастағы сарбаз менингит ауруынан қайтыс болды

3729
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында Түркістан облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз Рамазан Жақып қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, сарбаз менингиттің жедел түрінен қайтыс болған. Анасы ұлымен соңғы рет 31 қаңтар күні жексенбіде сөйлескенін айтты.

– Ұлым үш күн бойы екпе салдырғанын айтты. Оны ауруханаға жатқызбаған, үш сағат бойы нарядқа шығуды жалғастырған. Мен медбикелермен телефон арқылы сөйлестім. Олар оған екпе салынбағанын, тіпті парацетамол берілмегенін айтты, – деді бейсенбі күні марқұмның анасы Алтынай Құлатаева.

Сарбаз тонзиллит пен жоғары температурадан ауырып жатқанын айтып шағымданған. Құлатаева атап өткендей, жігіт әскери бөлімде қайтыс болған. Қайғылы жағдайдың себебі – жедел менингококк инфекциясы.

6505 әскери бөлімі бригадасы командирінің орынбасары Арман Сейітовтың айтуынша, 2 ақпан күні сағат 8:00-де 6505 бөлімінің сарбазы Жақып Рамазан Мейрамбекұлы жалпы әлсіздікке, дімкәстікке шағым түсірген.

– Санитар нұсқаушының қарауынан кейін ол Абай қаласының орталық ауруханасына жеткізілді Медициналық тексеру барысында сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер қатардағы Жақыптың қайтыс болғанын анықтаған. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, әскери қызметшінің өліміне жедел менингококк инфекциясы себеп болған. Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, – деді Арман Сейітов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер