Дәрігерлер кейбіреулерге екпе жасаудан бас тартуда

2979
Adyrna.kz Telegram

Осы жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталғаны белгілі. Талдықорғанның №2 емханасында вакцинаны алудан бұрын адамдар дәрігерлерден тексерілуі және өз денсаулығының жай-күйі туралы барлығын мұқият білуге тиіс, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы Ratel.kz-ке сілтеме жасап.

Клиника бас дәрігерінің орынбасары Индира Жаңабекова түсіндіргендей, қазіргі уақытта олар қауіпті емдеу мекемелерінің қызметкерлерін вакцинациялайды. Индираның айтуынша, вакцинациядан бұрын олар қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін әріптестерінен мұқият сұхбат алады. Дәрігерлер кейде өз денсаулығына немқұрайлы қарайды дейді.

- Сіз өзіңіздің барлық қарсы көрсеткіштеріңізді білуіңіз керек, денсаулығыңыз туралы мәлімет болмаса, егу кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Дәрігерлер өз денсаулығынан хабардар. Сол себепті де оларға осы жерде екпе жасаймыз. Ал өз денсаулығынан хабарсыз адамға екпе жасамаймыз. Мысалы, таяуда тұрмыстағы келіншек екпе жасатпақ болды. Әлі балалары жоқ ол келіншекке қалай екпе жасауға болады? Мүмкін ол екпе алу кезінде жүкті шығар? Әлгі келіншек екпе жасатқысы келді. Алайда біз бас тарттық. Енді бір адам В гепатитіне қарсы екпе алған. Ал бізде нақты айтылған: басқа вакциналарды алғаннан кейін кемінде төрт апта өтпей, ковид екпесін салуға болмайды. Бұл адамға да екпе салудан біз уақытша бас тарттық, - деп түсіндірді Индира Жаңабекова.

Жаңабекованың айтуынша, вакцинация ерікті түрде жүреді және дәрігерлерді ешкім мәжбүрлемейді. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада дәл №2 емханада вакцина алған бір медбике ауырып қалды. Оған жедел жәрдем шақырылды. Кейін зардап шеккен медбике әлеуметтік желіде видео жариялады, онда ол жай қорқып, қазір өзін жақсы сезінетінін және келесі егуді күтетінін айтты. Келесі екпені үш аптадан кейін алу керек екені белгілі.

Пікірлер