Америка қайта оралды!
America is back!
Джо Байденнің билігі тұсында әлемнің саяси әрі геосаяси процесінде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Джо Байденнің Ресей мен Қытайға қарсы саяси ұстанымы қатал болатын сияқты.
АҚШ-тың президенті ДЖО БАЙДЕН-нің жолдауынан:
"Американың сыртқы саясаттағы центристтік дипломатиясы қайта оралды. Америка сыртқы саясатта Қытай мен Ресейдің авторитарлық амбициясына қарымды жауап береді. Кеткен шығынының бәрін толтыра алады.
Біз енді әлеммен Айбынды дипломатиялық қарым-қатынасты бастаймыз. Біз Америка құндылықтарын сақтаймыз әрі жер жаһанға центристтік позиция ұстанамыз.
АҚШ Ресеймен ядролық қару бойынша стратегиялық серіктестікті тоқтатты. Мен Путинге біздің елдің сайлауына кибер шабуыл жасағаны үшін жауап болатынын ескертіп айттым. Біз енді өзіміздің одақтастарымызбен бірігіп, Ресейге қарсы ұстанымымызды қатайтамыз. Біз өзіміздің коалициядағы (НАТО-Солтүстік Атлантика әскери одағы) мемлекеттерді де ымырамен жұмыс жасауға шақырамыз.
Америка Навальныйды жақтайды, оның босатылуын талап етеді. Біз Навальныйдың қамалуына Ресей билігін халықаралық қауымдастықтың алдында да айыпты деп танимыз. Навальный мырзаның саяси ұстанымы РФ-ның конституциясына қайшы емес, керісінше еліндегі жемқорлықты ашып отыр.
Америка әлем халқының еркіндігі мен бостандығын қорғайды. Біз бәріне мүмкіндік береміз. Америка әлемдік саяси аренада өзінің саяси позициясынан ауытқымайды. Америка әлемдегі авторитаризмге қарсы!"
АҚШ президенті Джо Байден өзінің тікелей эфирдегі жолдауында әлемге қатысты саяси позициясын ашық айтып отыр. Ресейдің мүддесін көздеген Еуразиялық одаққа кіндігімен байланып қалған Қазақстанға Ресейге АҚШ тарапынан төнген экономикалық санкциялар ауыр тимей ме? Сіз не дейсіз?
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы