Сүйінші! Енді Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан есімімен аталады

4893
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды қаласының Октябрь ауданы Әлихан Бөкейханның есімімен аталатын болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып Қарағанды қаласының маслихат депутаты, Қарағанды облысы «Ақ жол» партиясы бөлімше төрағасының идеология жөніндегі орынбасары Бейбіт Құлмағамбет Facebook желісіндегі ресми парақшасында бөлісті.

«Қалың қазақ елі, сүйінші! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қарағанды қаласының Октябрь ауданының атауының ауыстырылып, Әлихан Бөкейхан есімінің берілуін қолдапты.

Қала ауданы атауының өзгертілуі бекітілген арнайы процедураға негізделген. Қоғамдық тыңдаулардың өтуі , қала мәслихаты депутаттарының дауыс беруі және ономастикалық комиссияның арнайы жұмыстарының жүргізілуін қажет ететін күрделі және уақыт талап ететін іс екені барлығымызға белгілі. Өз уақытымен өтетін жұмыс, бастама болса жарияланды, негізгі бағыт белгіленді.

Бүгін бұл тарихи маңызы бар жаңалықты облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек мырза " Ақ жол " партиясының облыстық филиал басшысы Ермек Абильдинмен өткізген кездесуінде хабарлаған екен»,-деп жазды ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер