200-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

2724
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысында балаларының түнде қараусыз жүргені үшін 200-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жыл басынан ювеналдық полицейлер облыс бойынша 60-тан астам рейдтік іс-шаралар өткізген. Қаңтар айында полицияға кәмелетке толмаған 319 жасөспірім жеткізіліпті. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жүргені үшін 210 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Түрлі құқық бұзушылықтар үшін өңір аумағында сегіз жасөспірім есепке қойылыпты.

Бүгінгі таңда полицияның есебінде 190 жасөспірім тұр. Олардың әрқайсысымен полицейлер мен ұстаздар жекелей жұмыстар жүргізетін болады.

Айта кетейік, жыл басынан кәмелетке толмаған балаларына тиісті тәрбие бермей, немқұрайлы қарағаны үшін облыста 82 ата-ана жауапқа тартылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер