Сарапшы Жанқош Тұраровтың жеңетініне сенбейді

8775
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровпен (24-0, 17 КО) жекпе-жекте британиялық боксшы Тайрон Маккеннің (21-2-1, 6 КО) басымдығы болады.  Boxingscene.com шолушысы Элиот Фостер осындай пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz .

Бірінші жартылай орта салмақтағы он раундты жекпе-жек 12 наурыз Дубайда өтеді.

"Қарсыластардың жекпе-жек саны бірдей. Дегенмен мен Маккеннде аздаған артықшылық бар дер едім. Біріншіден, ол жоғары деңгейдегі айқастарда жұдырықтасып көрген. Оның бұрынғы қарсыластары тізімінде мықты боксшылар көбірек. Екіншіден, Тұраров ұзақ уақыт жұдырықтаспады. Бокста жекпе-жектің ұдайылығы шешуші фактор. Бір жарым жылда бір жұдырықтассаң бабыңда бола алмайсың. Үшіншіден, Маккеннің бойы он сантиметрге ұзын, осыны да пайдаланатыны сөзсіз. Алайда қазақстандық боксшының соққысы ауыр. Бұл оның қарсыластарына осыдан қауіптену керек. Маккенн бір қателік жіберсе болғаны, сұлап түсуі мүмкін", - дейді Фостер.

Еске салайық, Жанқош кейінгі рет 2019 жылы Нұр-Сұлтанда жұдырықтасты. Ол кезде аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, титул жеңіп алған. 2020 жылы оның тағы бір титулды айқасы пандемия салдарынан өтпей қалды. Ал Маккенн қыркүйекте WBC International белбеуі үшін кездесуде отандасы Охара Дэвиске (22-2, 12 КО) төрешілер шешімімен есе жіберді.

Пікірлер