Қытай тыңшылары қолға түсті

3390
Adyrna.kz Telegram

Ұлыбритания үкіметі бір жылдың ішінде Қытай елінен бүркемеленіп келген үш тыңшыны ұстап алды. Олар ағылшын еліне журналист ретінде келіп ақпарат жинамақ болған. Бұл жайлы Telegraph газеті жазды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы сілтеме жасап.

Лондон билігінің айтуынша, Ұлыбританияға журналистпіз деп Қытайдан келген үш азамат шын мәнінде Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінде жұмыс істейтін мамандар боп шыққан.

"Тілші-тыңшылардың" шын бет-бейнесін британ барлау қызметінің мамандары ашып берген. Қазір олар елден қуылды.

Енді британ үкіметі тыңшылық жөніндегі заңнаманы қайта қарастырып, қатаң шаралар енгізуді құптап отыр. Бұл заң қабылданар болса, онда шетелдік агенттік, лоббист пен түрлі ұйымдардың барлығы есепке алынады. Әрі тыңшылықпен айналысқаны анықталса, абақтыға қамамақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер