Софы Құрбанәлі: Мүфтилер мен имамдар депутат болып парламентте отыру керек!

4547

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға қарулы жиһад жариялаған Құрбанәлі Ах­ме­тов енді Президент Қ.Тоқаевқа үндеу жасады. Үндеуде ол ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінен зорлық көргенін айтып араша сұрады. Қазақтарға аяғын сүйгізген сопы Құрбанәлі қажы сонымен қатар Қ.Тоқаевқа жасаған үндеуінде НӘН мен Қ.Тоқаевты Құдайдың жердегі көлеңкесі дейтін шүкір-тәубешіл мүфтилер мен имамдарға мәжілістен (парламент) арнайы депутаттық мандат беру керектігін баса айтты.

Мысалы Қырғызстанда ғаламторда видео жариялаған, діншіл белсенді, яғни президент сайлауында кандидаттыққа үміткер Мыктыбек Арстанбек "исламды саяси Майданға таратуды және адамдардың оған деген назарын аударуды" көздейтінін айтып,"НҰР" деген діни партия құрып, заңды тіркететінін ашық айтқан еді. Ең қызығы осы мәлімдемеге орай Құрбанәлі сопының аталмыш діни үндеуінің тұспа-тұс сәйкес келгені, кездейсоқ емес сияқты. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

Бұл қауіпті үрдіс Қазақстанда ортағасырлық шариғатшыл-діншіл қауымның саясатқа шындап кірісуі ме, әлде кейбір реакционды діни күштердің кланаралық билікке таласу процессі ме? Сұрақ көп, жауап жоқ!?

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ, 

"Демос" қоғамдық бірлестігінің төрағасы

(Ескерту: автордың пікірі редакция көзқарасын білдірмейді)

 

Пікірлер
Редакция таңдауы