Көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 32 адам эвакуацияланды

2049
Adyrna.kz Telegram

Оралда көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 32 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт оқиғасы дер кезінде ауыздықталған.

«2021 жылғы 03 ақпан күні 10 сағат 18 минутта БҚО ТЖД дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Ақотау көшесі 24/1 мекенжайындағы пәтерден өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрт жұмыстарын барлау барысында 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатының пәтерінде  жиһаз бен жеке заттар жанып жатқаны анықталды, өрт пәтердің 15 ш/м шарпып өтті»,-делінген ведомоствода.

Оқиға орнынан өрт сөндіруші-құтқарушылардың күшімен 3 адам құтқарылды. Оның ішінде 2-уі бала. Сондай-ақ 32 адам эвакуацияланды.

Құтқарылған 3 адамның ішінде 1 ер адам автосатының көмегімен терезеден шығарылып, 2 бала құтқарушылардың көмегімен есікті бұзу арқылы шығарылды.

Оқиға орнында жалпы 12 бірлік техника мен 35 қызметкер жұмыс атқарды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер