Ортаңқол жемқордың жүз пәтері бар

3689
Adyrna.kz Telegram

2010-ыншы жыл Қазақстаннан 200 000 долларға пәтер алған адам қазір ол пәтерді максимум 120-130 мың долларға сата алады. Сол бағаға 2010-ыншы жылы Барселона немесе Дубайдан пәтер алған адам қазір ол пәтерін кемінде 250 мың долларға сатады. Пәтер ол жылжымайтын мүлік. Жылжымайтын мүлікке салынған ақша да инвестиция. Көргеніміздей шетелдік инвесторлар Қазақстаннан жылжымайтын мүлікке ақша салмайды. Онда неге бізде пәтер қымбат деген заңды сұрақ туындайды. Өз ойымды жаза кетсем.

1) Бірінші себеп ол жемқорлық. Пәтер салынбай жатып бірден жемқорлыққа былығады. Жылуы, электрі, рұқсат қағазы, анаусы мынаусына мемлекет есебінен кассаға ақша төленгеннен, пара ретінде одан неше есе көп ақша былай беріледі. Бұл әрине пәтердің бағасын қымбаттады.

2) Жоғарыда атап өттім дені дұрыс адам мынандай девальвациясы бар елге пәтерге ақша салмайды. Ақшаңды доллармен банкте ұстасан одан көп ақша табасың. Бірақ сонда да кей адамдардың бір басында 100 пәтері бар. Неге? Ортаңқол жемқорлар ақшаларын қайда тығарын білмейді. Банкке салса өзі сотталып кетсе есебі бұғатталады. Шетелге шығаруға басы жетпейді. Айналып келіп тұған туысының атынан пәтер ала береді.

3) Мемлекет есебінен салынатын пәтерлердің сапасыздығы. Ол да жемқорлықтың кесірі. Сапасыз салынған үйлерді комиссия қабылдап алады. Қабылдап алмаса пара беріп өткізеді. Ол пәтерлердің сапасы төмен болған соң амал жоқ жұрттар жеке компаниядан іздейді.

4) Құрылысқа қажет отандық өнім аз.

5.) Үлкен құрылыс компанияларының иелері кім екені белгілі. Оларға пәтер бағасының қымбат болғаны дұрыс. 6.7.8 деп кете беруге болады.

Сабит Рысбаевтың Facebook-тағы жазбасынан.

Пікірлер