Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

3642
Adyrna.kz Telegram

SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маскқа тиесілі Neuralink компаниясы маймыл миына нейроимплантты енгізу тәжірибесін сәтті өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ол санасы арқылы бейнеойындар ойнай алады. Алдағы уақытта біз маймылдардың бір-бірімен теннис ойнағанын қалаймыз»,-деді Маск.

Кәсіпкердің айтуынша, чип жануар терісінің астында толығымен жасырылған және оған зиян тигізбейді. Қазіргі таңда маймыл өзін жақсы сезінеді.

Сондай-ақ өнертапқыш чиптеу технологиясын жетілдіру ми мен жұлын жарақаттарын жоюға және жоғалған қабілеттердің орнын толтыруға бағытталғанын атап өтті.

Айта кетейік, Маск бұған дейін адам миына енгізбек болып жүрген чипті шошқаға салып көрген еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер