Вакцина миллиондаған адамның өмірін сақтады - Аида Балаева

2306
Adyrna.kz Telegram

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева алғашқылардың бірі боп вакцина салдыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Министр өз жеке парақшасында қызылша, безгек сынды аурулардың алдын алып, миллиондаған адамның өмірін құтқарған да вакцина екенін атап өтті.

"Бүгін елімізде коронавируске қарсы ерікті вакцинация басталды. Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салыну жоспарланды. Мен де вакцина салдырушылардың алдыңғы қатарында боламын. Өзімізбен қоса өзгелер үшін алған ішкі жауапкершілік бұл шабуылды да жеңетініне сенемін",-деп жазды Аида Балаева.

Сондай-ақ, министр әлеуметтік желілерде желдей есіп жүрген жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

"Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде вакцинацияның қауіптілігі туралы жалған ақпараттар көп. Біздің www.stopfake.kz порталы онлайн режимде құзыретті органдардың теріске шығарулары мен түсініктемелерін беріп отырады. Өткен жылдың қазан айынан бастап портал редакциясы 50-ге жуық фейк ақпараттармен қоса, ағымдағы жылдың басынан 30 – ға жуық фейкті жоққа шығарды.
Барлығын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамын",- деді ол.

"Адырна ұлттық порталы"

 

Пікірлер