Денсаулық сақтау вице-министрлері алғашқылардың бірі болып екпе алады

2816
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/9bda7fd2-9558-4467-b870-93ef7265895b.jpeg
1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы Ресей Федерациясында өндірілген "Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Екпені алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алады. Вакцинация 1 ақпанда сағат 08:30-да Аманат көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан №6 қалалық емханада өтеді. Естеріңізге салайық, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда "Спутник V" екпесімен еркіті вакцинациялау науқаны басталады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ресейлік Спутник V вакцинасының 20 мың доза көлемінде бірінші партиясы Қазақстанға келді және аймақтарға таратылады. Вакцинаны тек ҚР кәмелеттік жасқа толған азаматтары ғана ала алады. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған 6 млн адам қатысады деп жоспарлануда.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии