Аймағамбетовке қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр ма?

6142
Adyrna.kz Telegram

Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарына қатысты ескерту айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, Үкіметке жоғары оқу орындары үшін бөлінетін мемлекеттік гранттарды нарықтың нақты сұраныстарымен тығыз байланыстыру мақсаты жүктеліп тұр. Жыл сайын бөлінетін гранттардың бір бөлігі тиісті мамандықтардың сұранысымен қамтамасыз етілмеген. Осы орайда бюджет қаржысы желге ұшады.

«Менің тапсырмам бойынша Үкімет сапасыз білім беріп жатқан жоғары оқу орындарын қысқарту жұмысын жалғастырып жатыр. Алайда кейбір ЖОО-лар түрлі процессуалдық әрекеттермен оқу орнын жабу процесін 1,5 жылға дейін созып келеді. Білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр. Үкіметке тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Президент академиялық адалдықты бұзғаны үшін ЖОО-лар жауапкершілігін қосымша күшейту керектігін атап өтті. Қ. Тоқаев сапалы білім беріп жатқан жоғары оқу орындарын жан-жақты нығайту керектігін тапсырды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін 15 базалық өңірлік жоғары оқу орындарын жаңғырту керектігі айтылды. Олар таланттарды тартудың өңірлік орталықтары ретінде қызмет етеді. Осы орайда Үкіметке әкімдіктермен бірлесе 1 шілдеге дейін тиісті қадамдармен, кезеңдермен әрі қаржыландыру көлемімен тыңғылықты жол картасын енгізу жүктелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер