Тоқаев: Отандық вакцинаны салдырамын

2518
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Президент Үкіметке «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, бір айдың ішінде эпидемияға қарсы шараларға теңдестірілген тәсілді қамтамасыз ету мақсатында иммундық мәртебе туралы ақпарат қамтылатын QR кодтарды енгізу мәселесін пысықтау тапсырды.

— Әрине, жаппай вакцинациялау дағдарысты еңсерудің нақты әрі жүйелі шарасы болып отыр. Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Дайындық жұмыстарын зерттеу кезінде вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарының қажетті көлемі жетіспейтіні анықталды. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында аса күрделі жағдай қалыптасып отыр. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, дайындық жұмыстарын толық қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялауға кірісуді тапсырамын. Отандық вакцинаның тестілеуі оң қорытынды береді деп үміттенеміз. Осы ретте, өзім отандық екпе ектіремін, – деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер