Аш адамға ас бергенше...

2157
Adyrna.kz Telegram

2018-інші жылы Хабар арнасындағы "Миллион кімге бұйырады" бағдарламасына қатыстым. Сол кезде анкетадағы 10 миллион ұтып алсаңыз не істер едіңіз деген сұраққа тең жартысын студенттерге берер едім деп жазған едім. Түк қатырмай 150 000 ғана ұттым. Бірақ шынымен де миллиондар ұтсам беремін деген ойда болғанмын. Әрине мен де адаммын. Жұрт сияқты мен де кредитімді жапқым келді болмаса анамды меккеге апарамын, бизнес бастаймын деген ойлар болатын. Мені ойландыратын бір нәрсе бар еді.

Магистратураны Түркияда оқыдым. Сол жақта жүргенде әр жерден стипендия алу үшін анкета толтыратынбыз. Бір жерлерден шынымен де ұтып мемлекеттен бөлек қосымша стипендия алып жүрдік. Білім жолындағы адамдарға үнемі жағдай жасау керек деп ойлайтынмын. Қосымша жұмыс жасамау керек. Біз мұнда түріктің студенттеріне стипендия бермек түгілі өзіміздің қазақтарға да ештеңе бермейміз ғой. Жағдайы жоқ отбасыларға азық түлік тасып оларды масылдыққа үйреткенше мүмкін болса солардың балаларына стипендия тағайындау керек сияқты. Білімді адам болып өссе жоқшылықты да басқаны да жеңеді. Ең болмаса шетелге кетсе де үйіне көмектесе алады.

Алдағы уақытта байып миллионер болып жатсам байлығымның тең жартысын Нобель сияқты білім жолындағы жастарға тастап кетемін деген ойдамын. Қазақстандағы ақшасы бар адамдарды осындай игі іс жасауға үгіттер едім. Бәрібір өлген кезде байын да, кедейін де 10 метр матаға орап көміп жатыр ғой. Пәленше атындағы қордан стипендия алу үшін білім жолындағы балалар таласып жүрсе рахат қой. Пәленшенің асын өткізіп соған көкпар өткізіп машина пашина тіккенше сол ақшаларды білім жолындағы жастарға таратсақ қой...

Сабит Рысбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасынан.

Пікірлер