Әңгіме жоқ! Тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы Қазақстанда әбден ушығып тұр. Оны тек заң жобасымен реттей аламыз. Әлеуметтік желілерде бұл мәселе үлкен резонанс тудырып жатыр. Елдің бір бөлігі заң жобасын мақұлдаймыз десе, бір бөлігі оған қарсы. Меніңше бөлініп, араздасып жатқанша, ортақ бір мәмілеге келгеніміз жөн.
- Құрметті әлеумет!
- Құрметті Мәжілістің жаңарған құрамы! Құрметті халық қалаулылары!
- Заң жобасын жасақтауға қатысқан әріптестеріңізді тоқтатыңыздар. Қазақ халқының салт-дәстүріне, ұлттық салт-санасына теріс келетін тараулар қайта қаралсын;
- Сөзсіз, мен зорлық-зомбылықтың қандай да түріне болса да қарсымын, оған жол берілмеуі керек! Бірақ заң жобасына қатысты елдің ұсыныс-тілектері ескерілсін. Қажет болса, жұмыс тобының құрамы да қайта қаралсын;
- Жұмыс тобының барлық әрекеттері БАҚ-та жариялансын. Елден ештеңені жасырмауды талап етемін;
- Құжатты дайындаған Мәжіліс депутаттарының аты-жөндері БАҚ-та жария етілсін. Заң жобасына қатысты брифинг жоспарланып, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
- Сайлауға түскен партиялар!
Құрметпен, Азамат БИТАН.
"Адырна" ұлттық порталы.
Фото ашық дереккөзден алынды.