Қытай экономикасы әлемге билігін жүргізуі мүмкін

9387
Adyrna.kz Telegram

Әлем экономикасы құлдырап, жүрісінен жаңылды. Пандемия қатарынан бірнеше соққы беріп, енді бас көтеріп келе жатқан елдердің сағын сындырып қана қоймай, медицина саласын сан соқтырып жіберді. АҚШ-тан бастап кәрі құрлықтың да медицинасы елін бұл қорқынышты түстен оята алмай әлекке түсті деп жазады «Адырна» ұлттық порталы Newsroom.kz  сайтына сілтеме жасап.

Инфекция ошағы Қытай болғанымен ең үлкен зардапты ол тартудың орнына, қайта қарыштап ұшудың алдында тұр. Бұлай деуімізге британияның бизнес және экономиканы зерттеу орталығы (CEBR)  себеп. Олардың жазуынша, Қытай оның алдыңғы болжамнан 5 жылға ерте, яғни 2028 жылы әлемге экономикадағы өсімі жағынан әлемге өз билігін жүргізуі мүмкін.

Қытайдың әлем экономикасындағы үлесі 2000 жылдан бері 3,6 %-дан 17,8%-ға артқан. 2023 жылы олар «ең табысты экономикасы» бар елге айналады делінген баяндамада.

Дүниежүзі дүрлігіп жатқан кезде Қытай экономикасы технологиядағы жетістігі мен қорғаныш заттарын сату бойынша бәрін артта қалдырайын деп тұр. Пандемия басталмай тұрып Қытай қорғаныш заттарын ең көп экспорттайтын ел болған.

Қазан айының соңында Пекиндегі LyncMed қорғаныш заттарын өндіретін ең алып компания иесі әрі негізін салушы Пол Ванг сұқбаттарының бірінде сатылымның өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге өскенін айтқан.

Reuters агенттігі 6 желтоқсандағы қытай шекарасының құжаттары негізінде ел экспортының өткен жылмен салыстырғанда 21,1%-ға өскенін айтады. Бұл 2018 жылдың ақпан айымен салыстырғанда ең жылдам өсім. Сандар сарапшылар күткеннен де асып түскен.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер