Индонезиялық Boenig 737-500 ұшағы апатқа ұшырады

2534
Adyrna.kz Telegram

Индонезия астанасы Джакартадан ұшып шыққан   Sriwijaya Air әуекомпаниясына тиесілі Боинг 737-500 ұшағы радардан жоғалып кеткен. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы ria.ru- ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұшақ бортында 65 жолаушы болған.  Құлаған аймақта ұшақтың сынықтары, сондай-ақ  адам денелерінің  бөліктері табылды.

Сол елдің көлік министрі Буди Кариа Сумадидің айтуынша, Боинг Лаки аралының маңында құлаған. Бортта 65 адам  — 53 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған.

Ал Airlive мамандандырылған порталының мәліметтері бойынша ұшақ бортында 62 адам болған. Олардың ішінде 46 ересек адам, жеті бала және үш сәби, сондай-ақ екі ұшқыш және төрт бортсерік бар.

Синьхуа агенттігі жергілікті телеарналарға сілтеме жасай отырып, ұшақ Джакарта маңындағы суға құлағандығын хабарлады.

Аталған агенттіктің  хабарлауынша, жергілікті тұрғындар жоғалған ұшақтың бөлігі болып табылатын кабель мен сымдардың оралған моторын тапқан.  Оның билік орындарына тапсырды.

Жақын маңайдағы  аралдардың тұрғындары, жергілікті БАҚ жазғандай, екі жарылыстың дыбысын  естіген, содан кейін сынықтарды көрген.

Фото ашық дереккөзден алынды

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер