20 бөлмелі жатақхана өртенді

851

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында 20 бөлмелі жатақхана өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«6 қаңтарда 20 сағат 57 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамның 22 адамы және 4 бірлік техникасы құрамында Медеу көшесі, 24 мекен-жайы бойынша үйдің жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер келген бойда жатақхана ретінде жабдықталған бір қабатты мансардалы 20 бөлмелі жеке үй жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан төбе бөлігі опырылып түсті»,-делінген хабарламада.

Елордалық өрт сөндірушілердің жедел, кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт 21 сағат 24 минутта ауыздықталып, 21 сағат 39 минутта толық сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің аумағы 80 шаршы метрді құраған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы