Сovid-19 вакцинасының жүздеген дозасын әдейі жарамсыз еткен.

2137
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустық инфекцияға қарсы Moderna вакцинасының партиясын қасақана бұзған медициналық орталықтың қызметкері АҚШ-тың Висконсин штатында қамауға алынды. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы informburo.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

Aurora Health Care медициналық мекемелер желісінің бұрынғы қызметкері түні бойы сақтау камерасынан тыс 570 доза вакцинаным әдейі қалдырған. Ол осыдан кейін препарат тиімділігін жоғалтатынын білген.

Оған вакцинаны қасақана бұзды, 8 мыңнан  11 мың долларға дейін материалдық шығын келтірді, сондай-ақ басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер жасады деген айып тағылды.

Басында  фармацевт басқа дәрі-дәрмектерді алғанда вакцинаны кездейсоқ тоңазытқыштан тыс қалдырдым деген болатын, бірақ кейінірек ол препаратты әдейі бүлдіргендігін және осындай әрекетін бірнеше рет жасағанын мойындады.

"Бұрынғы қызметкер вакцинаны сақтау камерасынан  әдейі шығарғанын мойындады. Ол бүлінген вакцинациялардың пайдасыз болатынын және іс жүзінде олай болмаса да, вакцина алған адамдар өздерін  вакцина қабылдадық  деп ойлайтындарын білді.", – делінген полиция хабарламасында.

Aurora Health Care медициналық орталығында бүлінген  вакцинаны салған  57 адамға болған жағдай туралы хабарланды. Олардың денсаулығына қауіп төніп тұр деп айтуға негіз жоқ, деп атап өтті Орталық.

Пікірлер