Парламент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы заң жобасын қабылдады.

1118

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген түзетулермен келісті. Еске сала кетейік, кеше сенаторлар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы заң жобасын Мәжіліске кері  қайтарған болатын.

Парламент қабылдаған заң жобасына төмендегідей  тузетулер енгізілді:

- Қазақстан Республикасы  Үкіметі уәкілеттік берген тұлға мен заңды тұлға, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген заңды тұлға арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша инвестициялар туралы келісім жасасу туралы;

- Ұлттық банктің валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығының статистикасы, қолма-қол ақша айналымы, төлемдер мен төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау және өңдеу жөніндегі өкілеттіктерін толықтыру;

- Синдикатталған қаржыландыру шарттарын регламенттеу;

- Зейнетақы жинақтары осы инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында болған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшыларға кейіннен аудару үшін инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы есебінен зейнетақы активтері кірістілігінің барынша төмен мәні арасындағы теріс айырманы өтеуді талап етуге құқылы.

Заң жобасына сәйкес  қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға, емделуге және жеке қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалана алады.

Заң жобасы  Президенттің қол қоюуына жолданды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар