«Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін модернизациялаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол Елбасы саясатын жоғары бағалап, елде құқық қорғау және сот жүйесі үнемі жетілдіріліп отыратынын айтты. «Соңғы ірі реформа 2014 жылы жүргізілді. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстанды құқық қорғау және сот жүйелерін еуропалық модельге айтарлықтай жақындатты», - деді ол. Игорь Роговтың айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауында құқық қорғау және сот жүйелерін одан әрі реформалау міндеті қойылды. Бұл жалпы бағыттың жалғасы іспеттес. «Заңдардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің біраз бөлігі қабылданды. Алайда, әлі де көп жұмыс істеу керек. Шетелдік әріптестермен ақпарат алмасу, біздің реформалардың негізгі ережелері үлкен қызығушылықпен, тұтастай алғанда оң қабылданғанын көрсетеді деп айтқым келеді «, - дейді Игорь Рогов. Сонымен қатар, ол құқық қорғау институты қалай пайда болғаны туралы айтты. «Әкімшілік құқық бұзушылық деген ұғымның өзіне бастапқы мағынасын қайтару керек, бұл құқық бұзушылық, оны мемлекеттік әкімшілік органдар қарайды және қолданады, оны сот қарастырмайды. Сот қарайтын реликвтерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен алып тастау қаралды. Кейбір бөлігі тиісті мемлекеттік органдардың қарауына беріледі, бірақ соттан тыс қарауға болмайтын құқық бұзушылықтар да бар. Олар: қамауға алу, мүлкін тәркілеу. Сонымен бірге, іс жүргізу Әкімшілік кодекстегідей қарапайым болып қалады деп болжанған», - деп қосты ол. Игорь Рогов Германияда сот жазалайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жоқ екенін атап өтті. Онда оларды полиция және басқа бөлімшелер жазалайды.
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз