Головкиннің келесі қарсыласы кім?

3743
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/pogudx315dp133462.jpeg
Отандасымыз көктемде рингке оралады. Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегін 24 жастағы талантты мексикалық боксшы Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО)  жұдырықтасады деп мәлімдеді. Гоместың сөзіне сенсек, жекпе-жек 1 мамырда өтеді. Айта кетейік, қос спортшы 2018 жылы шаршы рингте кездесуі керек еді. Бірақ NSAC (Невада штатының атлетикалық комиссиясы) ұйымы Мунгияның тәжірибесіздігіне байланысты жекпе-жекке рұқсат бермеген. Бұл жекпе-жек өтуі мүмкін бе? Иә, әбден мүмкін. Себебі, DAZN платформасы Геннадий Головкинның жеңісінен кейін міндетті қарсыластар тізіміне Сауль Альварес, Хайме Мунгия, Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Билли Джо Сондерсты қосқан. GGG - Canelo Ал көпшілік асыға күтіп жүрген GGG – Canelo триологиясы әзірге мүмкін болмайын деп тұр. Сауль Альварестың бапкері Эдди Рейносо: «WBA, WBC тұжырымдары бойынша 2-ші орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварестың (54-1-2, 36 КО)   басты мақсаты осы салмақта абсолютті чемпион атану. Біз келесі жекпе-жекті 90 күннен соң, Мексикада  WBA белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО)  немесе IBF белбеуінің чемпионы Калеб Плантпен (20-0, 12 КО)  өткізгіміз келеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды.
Комментарии