Туған қызын өлтірген әке 20 жылға сотталды

1468

Алматыдағы бес жұлдызды InterContinental қонақ үйінде бір жарым жасар қызын өлтірген британдық азамат Баракат Мохамед 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қылмыстық процесс онлайн форматта өтті. Істі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бахытхан Бәкірбаев қарады.

Қылмыскер Гонконг Эйр Каргоның ұшқышы болып қызмет атқарған, ал оның жары – 22 жастағы Алматы облысының тумасы.

Еске сала кетсек, оқиға 2019 жылғы 24 қазан күні болған еді. Шетелдік азамат бір жарым жасар қызын соққыға жыққан. Прокурорлардың мәліметінше, София есімді сәби басы қысылып көз жұмды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы