Сенат сыра жарнамасына тыйым салды

2091
Adyrna.kz Telegram

Сенат бұқаралық ақпарат құралдарында сыра жарнамасына тыйым салды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған «Ақпарат мәселелері туралы» заң жобасына екі бірдей өзгеріс енгізіп, кері қайтарды. Мәжіліс депутаттары отандық сыра мен тауар белгісін жарналамауға рұқсат еткен болатын. Ал сенаторлардың айтуынша, былтыр сыра өндірісі жарнамасыз-ақ 11 процентке өскен. Сондықтан сыраны жарнамалаудың қажеті жоқ деп отыр.

«Ақпарат мәселелері туралы» заң жобасы телерадио хабарларын тарату және ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру мен отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер