Түрік бауырларымыз әлеуметтік желілерде «Қазақстанды қолдау» акциясын бастады. Ютуб арнасында арнайы бейне ролик түсірген бауырларымыз «Қазақстаннан қолыңды тарт Ресей!» деп ұрандатты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Оғыз Доғанның арнасына сілтеме жасап.
«Қазақстан жалғыз емес» деген түрік жастары Ресей тарапынан жасалып отырған саяси әрекеттерге қарсылық танытуда. Естеріңізге салып өтейік, өткен аптада ресейлік бірнеше шенеунік «Қазақстанға жерді орыстар сыйлаған» деген пікір білдіріп, қазақ қоғамын шулатқан-ды. Міне, осы мәселеге байланысты алыста болса да, ең жақын бауырларымыз, түрік ағайындар өз тарапынан қолдау көрсету мақсатында акция бастады. Бейне роликте түрік жастары «Кім Қазақстанға қарсы болса, Түркияға қарсы» деп ұрандатты.