Президент Головкинді жеңісімен құттықтады

2797
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/3549945.jpg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жекпе-жекте Қазақстан туын желбіреткен Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Президент twitter-де: «Геннадий Головкинді @GGGBoxing сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады», - деді . Еске сала кетейік, бүгін, яғни 19 желтоқсанда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.  

Сурет Ақордадан

 
Комментарии