Әлемдік рекорд: Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді (Видео)

7252
Adyrna.kz Telegram

Отандасымыз, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Холливудта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде поляк Камил Шереметаны 21-0, 5 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Орта салмақта IBF және IBO титулы сарапқа салынған кездесу 12 раундқа жоспарланған екен. Жекпе-жек басталысымен Шеремета шабуылын үдетіп, ринг ортасын ұстамақ болды. Алайда Головкиннің джебтері Еуропа чемпионының меселін қайтарды.

Жетінші раундта польшалық боксшы төртінші рет нокдаунға түсті. Осыдан кейін оның командасы айқасты тоқтату туралы шешім шығарды. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Головкин титулын 21-ші рет қорғап, әйгілі Бернард Хопкинстің рекордынан асып түсті. Осыған дейін екі боксшыда чемпион дәрежесінде 20 жеңісі болған - дививзион рекорды.

Америкалық бұл көрсеткішке 1995 пен 2005 жыл аралығы қолжеткізді, ал GGG мұны одан да аз уақытта қайталады (2010-2018).

 

Фото Twitterден

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер