Қонаевты жамандау не береді?

3772
Adyrna.kz Telegram

Қонаевты бүгін көп жамандап кетті. Қонаев КСРО-ның темір шынжырында отырып көп іс тындырды. Сол Қонаевтың кезіндегі зауыт-фабрикаларды, ауыл және мал шаруашылығын сақтағанда ұтатын едік. Қонаевтың кезіндегі шағын қалалар мен ауылдарды да сақтай алмадық. Орыс мектептерін ашты, орыстандырды дейді. Егер балаңды қазаққа беремін, мектеп керек десе қазақтар қайда қалды?! Қазірдің өзінде баламды орысқа беремін деп селкілдеп жүрген қазаққа да Қонаев кінәлі ме? Қонаевтың уақыты мен тәуелсіз мемлекет болып отырған қазіргі уақытты салыстыруға болмас. Грузиндер жаппай көшеге шығып грузин тілін сақтап қалды сол қылыштан қаны тамған коммунистер уақытында. Көшеге шығуды ұйымдастырған режиссер әйел екен. Ал біздің режиссер, ақын-жазушы, мем.қызметкерлердің қайсысы баласына қазақ мектебін іздеді, қайсысының баласы қазақша сөйлейді? Қонаевтың аруағын мазалай бермей дәл қазір орыс тілді отбасыңды қазақ тіліне көшіру жайын ойлағаның жөн болар, Қонаевты жамандаушы жан.

Жулдызай Баданованың жазбасынан. 

Пікірлер