«ADAL» партиясының сайлау алдындағы уәделері неліктен ұмытылмайды?

2046
Adyrna.kz Telegram

«ADAL» партиясының экономикалық секторларын дамытудың жаңа идеялары, халықтың әртүрлі санаттарын қолдау жөніндегі ұсыныстары, көпшілікті толғандыратын өзекті проблемалар - мұның барлығы 14 желтоқсан күні партиядан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар өткізген кездесулер барысында талқыланды.

Бүгін Павлодар облысында бірқатар кездесулер өтті. Олардың көпшілігі көше бойларында және сауда орындарында ұйымдастырылды. Мәселен, Шідерті ауылында болған Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева бағдарламаның негізгі тармақтарын көрсетіп, партияның жалпы идеологиясы мен құндылықтары туралы сөз қозғады.

Ауыл тұрғындары науқастардың дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ жайылымдық жердің жоқтығы сынды бірнеше мәселемен шағымданды.

Олжас Ордабаев бұл мәселелер партияның бақылауына алынатындығына сендірді.

Екібастұз қаласы тұрғындарының арасында проблемалы несиелері бар кәсіпкерлер көп екен. Ақмарал Бекмырзаева партияның осындай несиелерге жаппай рақымшылық жасау туралы ұсынысы туралы айтты.

Кездесу барысында Олжас Ордабаев еліміздің әрбір тұрғыны партияның веб-сайты арқылы кез-келген аймақты дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізуге, елді мекендердің бюджеттері туралы ақпарат алуға және т.б. мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Ал ондағы көп балалы аналардың бірі  қолданыстағы кәсібінің кеңейту жолдарын сұрады. Спикер партия бұл мәселелермен көп балалы отбасылардың пайдасына жұмыс істеп жатқандығын баса айтты. «Әрбір көп балалы әйел тек АӘК-ке сеніп қана қоймай, өз бизнесін дамыта түсуі керек, бұл үшін партияның нақты ұсыныстары бар және адамдарға кәсіпкерлік механизмдерін жүзеге асыруға көмектесуге дайын», - деді Олжас Ордабаев.

Ақсу қаласының тұрғындары білім сапасын арттыру және кәсіптік бағдар беруде көмек көрсету мәселелерін көтерді. Үміткерлер сайтта студенттерге білімдерін тексеруге және университет таңдау туралы шешім қабылдауға көмектесетін қызмет бар екенін айтты.

Одан әрі кездесу Көктөбе ауылында жалғасты. Сондай-ақ партия бағдарламасын белсенді талқылау болды.

Кездесулер соңында депутаттыққа кандидаттар әр азаматтың пікірі, оның өтініштері партия үшін маңызды екенін баса айтты. Осының арқасында міндеттер қалыптасады және оларды шешу тетіктері түзіледі.

Алматы облысында бүгін депутаттыққа кандидат Лаззат Шыңғысбаеваның халықпен кездесулері жалғасты. Ол Түймебаев ауылының Ашыбұлақ ауылдық округінде шеге шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесіп, Өтеген батыр және Қапшағай қаласының тұрғындарымен әңгімелесті.

Лаззат Шыңғысбаева, атап айтқанда, ресми сайттың көмегімен АДАЛ партиясы аймақтар тұрғындарының барлық мәселелерінен хабардар екенін айтты. Тұрғындар елді мекендерді абаттандыру мәселелерін көтеріп, АДАЛ партиясының басымдықтарын қолдайтындықтарын білдірді.

Кейбір тұрғындар партияның сайлау алдындағы уәделерді ұмытып кетуі мүмкін екенін ескертті. Бірақ Лаззат Шыңғысбаева "ADAL" партиясынан депутаттыққа үміткерлердің барлығы сайлаушылары үшін көп нәрсе жасайды деп сеніммен жауап берді, өйткені команда мықты әрі жігерлі жастардан құралған. "Әр кандидат өз саласының маманы және депутат болмаса да, қоғам үшін әртүрлі үлкен, мейірімді, маңызды істер жасап жүр", - деді кандидат.

Шымкент қаласында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті, оған "ADAL" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Мақсат Толықбай мен Алмасбек Садырбаевқатысты.

Мақсат Толықбай партия бағдарламасы туралы айтып берді. Сұрақтарға жауап бере отырып, ол партия бағдарламасында медицина мәселелері қарастырылғанын еске салып, "Біздің медицина тегін болуы тиіс. Пандемия кезінде не болды? Сіз сапаны көрдіңіз бе? Біз жедел жәрдем күте алмадық. Бірақ денсаулық бәріне қажет. Бұндай жүйе дұрыс емес. Медицина тегін болуы тиіс",- деді. Мақсат Толықбай бағдарламада несиелеу және пайыздық мөлшерлемені төмендету мәселелері де қарастырылғанын айтты. Ол атап өткендей, біз Парламентке өтеміз бе, жоқ па, үгіт-насихат кезеңі аяқталғаннан кейін министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп жобалық кеңселер құрылады. Олар партия бағдарламасын жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істейтін болады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тағы бір кандидат Ардақ Назаров білім беру бағдарламасына жаңашылдық енгізу қажеттігін еске салды. Ол маңызды тезисті айтты – спорт мектеп тәртібі деңгейінде тоқтамай, жоғары деңгейде дамуы керек.

Фермерлермен кездесу барысында Алмасбек Садырбаев АӨК пен бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.

Ардақ Назаров Жамбыл облысының Тараз қаласында кездесулер өткізді.

Тараз қаласының "Тараз-Ғасыр" колледжінде жастармен кездесулердің бірі өткізілді. Ардақ Назаров өзі туралы, балалық шағы, спорттық мансабын қалай бастағаны туралы айтып берді. "Бала кезімізде біз жақсы жағдайда өмір сүрмегенімізге қарамастан, мен сынған жоқпын, жаман жолмен жүрмедім. Меніңше, бұл маңызды. Еңбекқор болу маңызды. Тек еңбек арқылы ғана табыс пен молшылыққа қол жеткізуге болады", - деп атап өтті ол.

"ADAL" партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат партиялық бағдарламаның басымдықтары туралы да айтып берді. Аймақ жастарының жеке тұрғын үйі, спортта өзін-өзі дамыту және спорттық инфрақұрылымды жақсарту туралы ойлайтынын біле отырып, Ардақ Назаров бағдарламаның осы бағыттарға арналған тармақтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол: "Әрине, бәрін өзім өзгерте алмасам да, мен осы жас партияға кіріп, барлық білімімді жұмсап, жақсы бағдарламаға ие бола отырып, өнімді нәтижелерге қол жеткіземін", - деп сендірді.

Анықтама:

2013 жылы Қазақстанда «Бірлік» саяси партиясы құрылды. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік» атауын «ADAL» ( «адалдық»).

Партияның Саяси кеңесі мүшелерінің құрамында:

Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Алина Асқарова, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Маликова, Лаззат Шыңғысбаева, Жигули Дайрабаев, Ғалымбек Жақсылықов, Ақмарал Бекмурзаева, Нұрлыбек Мәлелов, Ғани Абадан.

 

Пікірлер