Ақтөбе облысының медицина мекемелері 15 реанимобиль көліктерімен толықты

2496
Adyrna.kz Telegram

«JAC Ѕunray» маркалы соңғы үлгіде жабдықталған 15 бірлік реанимобиль автокөліктері Ақтөбе облысына қарасты барлық аудандық аурухана мекемелеріне берілді. Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудандық ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесіп, санитарлық автотранспорттың кілттерін табыстады.
“Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, Үкімет басшылығы, жергілікті атқарушы орган азаматтарымызды қауіпті індеттен аман алып қалу үшін тиісті шараларды қабылдап, қаражат бөлді. Ешқашан болып көрмеген мұндай дерттің ауыртпалығы барлығына оңай соқпады, дегенмен тәжірибелі дәрігерлеріміздің арқасында науқастардың денсаулығын қалыпқа келтірдік. Еңбегіне адал ақ халатты жандарға алғыс білдіремін”,-деді Оңдасын Оразалин.
Ақтөбе облысында 341 санитарлық автокөлік бар. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 239,4 млн. теңгеге УАЗ санитарлық автокөлігінің 24 бірлігі және FORD маркалы 1 неонаталды реанимобиль сатып алынды.
Бұдан басқа, қаржы лизингі арқылы 41 реанимобиль, оның ішінде 19 бірлік Hyundai H-350 маркалы реанимобиль, 20 «JAC Ѕunray» реанимобиль және 2 УАЗ Профи реанимобиль алынды
Бүгінгі іс-шарада аудандардың медициналық кәсіпорындарына 15 бірлік санитарлық автокөлік берілді. 2021 жылы жергілікті бюджет арқылы облыстың медициналық кәсіпорындары үшін 21 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланған.
Облыс әкімі шарадан соң, Ақтөбе медициналық орталығында ашылған кардиореанимация- кардиология бөлімінің жұмысымен танысты. Пандемияның өршуі мүмкін қауіптілігіне байланысты ашылған бөлімде covid-19 инфекциясын жұқтырған қосымша жүрек талмасымен ауыратын науқасқа шұғыл көмек көрсетілетін болады.36 орынға арналған медициналық бөлімде Германия, Жапониядан жеткізілген қажетті құрылғылармен жабдықталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер