Елорданың бас санитары үндеу жасады

1895
Adyrna.kz Telegram

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтанның "қызыл" аймаққа кіруіне байланысты астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

"Мереке күндері 4 күн демаласыздар. Жақындарыңыз бен туыстарыңыздың жанында болуға мүмкіндік болады. Мен әрқайсыларыңыз үшін алаңдаймын. Сіздерді жақындарыңыздың денсаулығын ойлауға шақырамын", - дейді елорданың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай тұрақты емес екенін атап өтті.

"Сіздер қала 14 күн бойы "сары" аймақта болғанын білесіздер.
Осыған қарамастан бизнесті қолдау мақсатында қаулы қабылданды. Осы демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар жұмыс істейді. Алайда 10 желтоқсаннан бастап қала "қызыл" аймаққа кірді. Енді талапты қатайту мәселесін талқыға салу керек", - дейді Пірәлиева.

 

Пікірлер