Онлайн-емтихандар кезінде прокторинг жүйесін пайдалануға шақырды

1131

Студенттердің сапалы білім алып жатқанына көз жеткізудің жалғыз жолы – емтихан уақытында үздіксіз бақылау жүргізу және онлайн-прокторингті қолдану. Пандемиякезінде жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына көшіп қана қоймай, білім сапасын жоғалтпау үшін тиісті шаралар қабылдауы керек болды. Бұл туралы Талғат Нәрікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Емтихандардың онлайн форматта әділ өтуін енді компьютерлер қадағалайды. Қазіргі студент – болашақта сіз бен біздің өмірімізге әсер ететін маман. Диплом алған маман дұрыс білім алып шығуы керек.  Кейін олар өзімізді емдейді, сотта судья болады, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді және өзге де күнделікті пайдаланатын қызметтерді көрсетеді», - деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің төрағасы.

Онлайн прокторинг – қашықтан емтихан тапсыру кезінде көшіруді және басқа да әділетсіздіктің алдын алатын цифрлық шешім. Оны әлемнің озық университеттері қолдануда. Сапалы онлайн прокторинг тірі адам сияқты студентті дәл сол уақытта веб-камера арқылы бақылап, артық қимыл жасамауын қадағалайды. Студенттің көз және ерін қимылдарын бақылап, шпоргалкапайдаланса немесе бөлмедегі бөтен адамнан көмек сұраса бірден анықтайды.

Емтихан аяқталғаннан кейін жүйе тек студент қимылының ғана емес, компьютерінің экранында ашқан сайттар мен құжаттар бейнесін сақтайды, күдікті әрекеттер хаттамасын жасайды және студенттің «күдік рейтингін» есептеп шығарады.

Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, КАЗГЮУ қазіргі уақытта онлайн-прокторингті сәтті қолдануда.

«Онлайн форматта сапалы біліммен қамтамасыз етудің белгілері: білім алушылардың оқу контентіне қолжетімділігі, "e-learning"-геарналған тұрақты жұмыс істейтін платформаның болуы, сабаққа қатысуды және материалды игеруді есепке алу, белгілеу, оқытушылардың студентпен әрқашан кері байланыста болуы, онлайн-емтихандарды өткізу  барысында  прокторингті қолдану. Яғни, онлайн білім беру кезінде офлайнмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс болған жоқ», - деп атап өтті Басқарма төрағасы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы