Пашинян отставкаға кете ме?

2487
Adyrna.kz Telegram

8 желтоқсанда Ереванда премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен оппозиция жақтастары көшелерді жауып, жол қозғалысын тоқтатты. Олар премьер-министрді қызметінен кетіру үшін "азаматтық бағынбау" кампаниясын бастағанын хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Өткен айдың басында Армения Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты Әзербайжанмен келісім жасасып, Таулы Қарабақтағы 7 ауданды қайтарған. Келісім шартқа наразылар содан бері Пашинян отставкасын талап етіп келеді. Бірнеше күн бұрын 16 оппозициялық партия Пашинянға 8 желтоқсан күндізгі сағат 12-ге дейін қызметінен кетуге уақыт берген еді. Премьер-министр талапты орындамаған соң оппозиция наразылығы күшейген.

Сейсенбі күні “Никол, сатқын”, “Николсыз Армения” деп айқайлаған демонстранттар Ереван көшелері мен метро жолдарын жапты. Полиция наразыларды ұстады. Наразылық Арменияның Гюмри, Ванадзор секілді тағы да басқа қалаларында да өткен.

"Никол Пашинян отставкаға кетпеді. Сондықтан Армения азаматтарының бейбіт түрде азаматтық мойынсұнбау кампаниясын өткізіп, талап қоюға құқықтары бар" деді 16 партиядан құралатын "Отанды құтқару майданы" қозғалысының мүшесі Ишхан Сагателян.

Ол қауіпсіздік күштерін Пашинян бұйрықтарын орындамауға және халыққа қарсы күш қолданбауға шақырған.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер