Қар көшкіні - 5 мың адамға қауіп төндіріп тұр

1991
Adyrna.kz Telegram

Біздің елімізде жалпы көшкін қауіпі бар 603 аумақ бар. Оның ең көбі Шығыс-Қазақстан облысында орналасқан, яғни 336 – ны құрайды. Екінші орында 165 деген көрсеткішпен Алматы қаласы тұрса, одан кейін 91 аумағы бар Алматы облысы тұр. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 10 болса, Жамбыл облысында 1- ге тең. Осы көшкін қаупі бар аумақтар жалпы 5 мыңнан астам адамның өміріне және 215 нысанға қауіп төндіреді екен. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі  гидрометеорологиялық жағдайды бағалау, мониторингтеу және көшкін қауіпті учаскелеріне бақылау 59 жылға төтеп беретін бекеттермен, 29 диспетчерлік пунктермен және 30 қар өлшеу бағыттармен қамтамасыз етіледі.

Қар көшкіндер жылжу кезінде дер кезінде  әрекет ету мақсатында аталған мекеме тарапынан апаттық-механикаландырылған топтардың
12 құрылымы жасақталған. Оларға 115 адам және 64 бірлік техника кіреді.

Еліміздің таулы аудандарында 1903 қар тоқтату қалқаны бар болса, оның 444- алматы қаласына, 1459-ы Шығыс-Қазақстан облысына тиесілі.
Шығыс Қазақстан облысындағы Зырьянов ауданындағы «Зубовка»  және Катон-Қарағай ауданындағы «Собачья») тауларында, әрқайсысында 25-тен барлығы қар тоқтату қалқаны   50 жөнделді.

2020-2021 жылдардағы қар көшкіні қауіпті кезеңдерінде тұрғындармен сол аумақтарды қорғау бойынша тиімді шаралар атқару мақсатында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Алматы қаласының төтенше жағдай департаменттерімен және «Қазгидромет» ЖШС бірлесіп қар көшкініне қарсы қызметтерімен өзара іс-қимыл жоспарлары пысықталып, көшкін кезінде халықты құлақтандару жолдары нақтыланды.

Биыл көшкін қауіпті учаскелерге барлығы 101 ақпараттық
және ескерту қалқандары қойылды.

Көшкін қауіпті зоналарда орналасқан әкімшіліктерге, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына, жеке үй иелеріне 558 ескертпе-ұсыныс пен 385 кітапша таратылды .

Көшкін қауіпті учаскелерді 76 жер үсті тексерулер жүргізілді.

2020 жылғы  13 қарашада «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп «Медеу» қар көшкіні қаупі бар учаскесінде автомобиль жолдарын таулы жерлердегі қар көшікінен тазарту бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтаумен
оқу-жаттығу өткізді.

 

Ерке Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер