Балаларға базарлық: Бәйшешек

5804
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/baysheshek-620x406-1.jpg
Көктем. Қызыл күртеше киген қыз ағасымен бірге тауға шықты. Ол тостағаншасы аппақ гүл көрді. Жанына барды. Сол сәтте гүлге тіл бітті: – Сәлем! Атым – Бәйшешек. «Көктем жаршысымын». Елдер мені емге де қолданады. Ал, сенің есімің кім? – Жазира. – Танысқаныма қуаныштымын, Жазира. Қыз гүлге ұзақ қарап тұрды. Оны жұлуға қимады. Тек суретке түсірді. Үйге жеткенде оны әкесіне, анасына және інісіне көрсетті. Бәрі – таң-тамаша. – Мынау атақты бәйшешек гүлі ғой, қызым! Қандай тамаша, – деді әкесі сүгіреттен көз ала алмай. Сөйтіп, Жазира көктем туған сайын сол гүлді іздейтін әдет тапты.  

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

жазушы-драматург, сыншы,

әдебиеттанушы Әлібек БАЙБОЛ.

Комментарии
Другие материалы