Құны 400 млн.теңгеге жуық гуманитарлық көмек жіберді

2495
Adyrna.kz Telegram

Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық бұйымдар мен жабдықтар бүгін Бішкекке жеткізілді,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Оның құрамында «Тыныс» АҚ-да өндірілген «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасы және Алматыдағы «Dolce pharm» ЖШС және Жамбыл облысында орналасқан «Mega pharm» ЖШС шығарған 2 млн. медициналық бетперде бар.

Гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай көрсетілді.
Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 400 млн. теңгеге жуық. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес акцияны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды. Жүкті Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары қабылдап алды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер