Оңдасын СЕЙІҰЛЫ: Ақтөбе облысында инфлияция деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен

1529
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ақпараттық агенттігі оқырмандарға қызығырақ болар деген оймен Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігі туралы сұхбаттар мен мақалалар сериясын ұйымдастыруды қолға алған еді. Ендеше облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі турасындағы портал тілшілерінің  Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлынан алған мәлімдемесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

Әлемдегі болып жақтан пандемияның салдары өңір экономикасының даму деңгейін бәсеңдетті. Алайда дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде а.ж. 9 айының   қорытындысына сәйкес Ақтөбе облысында басты макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты жағдай сақталуда. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,2трлн.теңгені немесе нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 100,1%, ауыл шаруашылығы 236,4 млрд. теңгені (НКИ - 104,1%), құрылыс көлемі 145,2 млрд. теңгені (НКИ - 116,4%) құрады.

Пайдалануға 558 мың шаршы метр тұрғын үй берілді немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 103,6%. Өңірдің экономикасына тартылған инвестиция көлемі 410,4 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,8% құрады.

2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында 1 156-дан астам жұмыс орнын құрумен 138,3 млрд. теңге сомасына 23 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы сомасы 20,1 млрд. теңге құрайтын 6 жоба пайдалануға берілді. Қосымша 310 жаңа жұмыс орны құрылды.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілердің саны 60,8 мың бірлікті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 102,7% құрады.  Жалпы, 2020 жылдың 9 айында 19,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды.  Жалпы жұмыссыздық деңгейі - 4,9%. Облысымызда а.ж. 9 айында инфляция деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен – 104,6% құрады (ҚР – 104,9%).

 

«Адырна» ұлттық порталы 

Пікірлер