Балалар үйіндегі баланы қарауды алты жасқа дейін ұзартуды сұрады

3544
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева жетім балалардың балалар үйінде болуын алты жасқа дейін ұзартуды сұрады. Оның айтуынша, балаларды арнайы үйде ұстау уақытын үш-төрт жылда бітіру балалардың психологиялық жарақатына алып келеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бүгінде елімізде 20 балалар үйі жұмыс істейді, онда үш жасқа дейінгі және төрт жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Жыл сайын 200-ге жуық бала балалар үйлеріне немесе мамандандырылған интернаттарға ауыстырылады. Сәбилер үйлерінен балалар үйіне немесе 3-4 жастағы мамандандырылған интернатқа ауыстыру балаларда өткір психологиялық жарақат пен стресті тудырады", - деп мәлімдеді Балиева премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, 6 жасқа дейін, ғалымдар мен психологтардың пікірінше, бала ерекше күтімді, сенімді ортаны қажет етеді, өйткені дәл осы кезеңде бала тұлға ретінде қалыптасады.

"Балалар үйіндегі тәрбиеші педагог қызметкердің қызметін ғана атқармайды, көп жағдайда ол сәбигеанасындай болады. Мұндай өзара байланыс мүмкіндігін сақтау және ұзарту өте маңызды.Балаға мектепке дейінгі балалық шақты оны түсінетін жақын адамдар арасында өткізуге, болашақта балаға қажетті дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті депутат.

Ол премьер-министрден жетім балалардың сәбилер үйлерінде болуын алты жасқа дейін ұзартуды сұрады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер