Қазақстан-Қытай шекарасында тәртіп күшейді

3051
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» учаскесінде полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауда. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаменті Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көлігінің кезектілігі мен олардың жылжуын бақылауды Панфилов ауданы әкімінің басқаратын Штаб жүзеге асыратынын хабарлады. Жүк көліктерінің жүруі үшін электрондық кезек құрылған.

Күн сайын бейнетіркегіштермен камтамасыз етілген жиырмаға жуық полиция қызметкері патрульдеу режимінде екі ауысымда қызмет атқарады. Полиция қызметкерлері учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді және жол ережелерінің қатаң сақталуын бақылайды,-делінген хабарламада.

Осы жылдың басынан бері «Нұр жолы» кеден бекетіне қатысты 13 хабарлама мен өтініш тіркелген. Әр азамат жол берілген бұзушылық туралы өтінішті жазбаша да, телефон арқылы да 8 (72 831) 51 362 жолдауға құқылы. Азаматтардың кез келген ескертулері дереу қаралады, оларды жою бойынша іс-шаралар дер кезінде қабылданады.

Фото ашық дереккөзден алынды

BAQ.KZ

Пікірлер