Алматыға блок бекеттер қойыла ма?

2733
Adyrna.kz Telegram

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласына кіретіндерге және шығатындарға шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мегаполис басшысы «Алматы» арнасының Akimat LIVE тікелей эфирінде қалаға блокпостар қойылуы мүмкін екенін мәлім етті. «Алматының жабылатыны немесе жабылмайтыны өзімізге байланысты. Егер де сақтық шараларын сақтамасақ, маска тақпасақ, ара қашықты сақтамасақ, той тойлап жүретін болсақ, амал жоқ сол жағдайға келуіміз мүмкін. Сондықтан санитарлық талапты қатаң сақтау қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, облыс тұрғындарының басым бөлігі Алматы қаласында жұмыс істейді. «Біз Алматы маңындағы аудандардан бөлектене алмаймыз. Себебі, көп адам сол облыстан қатынап жұмыс істейді. Бұл тек шағын кәсіпорындар да ғана емес мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқандар да бар. Қайталап айтамын, талапты сақтайық. Әйтпесе, амал жоқ блокпост қоюға тура келеді», - деді әкім.

Фото ашық дереккөзден алынды

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер