Сағынтаевтың күйеу баласы сотталды

5890
Adyrna.kz Telegram

Алматы соты бұрынғы банкир Жомарт ЕРТАЕВТЫ кінәлі деп танып, Bank RBK-дан 144 миллиард теңге (329,5 мың доллар) жымқырды деген іс бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews-ке сілтеме жасап. Жомарт Ертаевпен бірге Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ күйеу баласы ­–  Бақыт ИБРАГИМ де сотталды.

Прокурор Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптау оның кінәлі деп, қылмыстық істі тергеуге үлес қосқанын, келтірілген зиянды ішінара өтегенін, сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың әкесі екенін ескерді.

Бұл іс бойынша сот ісі 2019 жылдың желтоқсанында басталған. Барлығы – 37 адам ұсталған. Кейіндеу олардың біреуі қайтыс болған. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыс 2011 жылдан 2017 жылға дейін жасалған. Бұған дейін хабарланғандай, көптеген сотталушылардың айыптауда бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және беру көпе-көрінеу қайтымсыз несие берілгені анықталған. Банкке келтірілген шығын 143,3 млрд теңгеге бағаланды.

Істің негізгі фигуранты Жомарт Ертаев деп аталды. Ертаевтың өзі бұл банкте ешқашан жұмыс істемеген деп мәлімдеді. Ол 2018 жылдың қараша айында Мәскеуде ұсталып, қамауға алынды. Ол сондай-ақ босқын мәртебесінен айырылды. Ұсталғаннан кейін бір айға жуық уақыт өткен соң Ресейдің Бас прокуратурасы бизнесменді Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады. Қазақстанға экстрадициялаудан кейін Жомарт Ертаев 15 наурыздан бастап қамауда болды.

Азаттық радиосының қазақ қызметі бұған дейін хабарлағандай, Сотталушылардың арасында бұрынғы премьер-министр және президент әкімшілігінің экс-басшысы, қазіргі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың күйеу баласы, экс-банкир Бақыт Ибрагим бар. 2018 жылдың маусым айында Бас прокуратура Qazaq Banki-нің тең иесі Ибрагимді Bank RBK қаражатының «алдын ала сөз байласуымен адамдарды алдау жолымен ұрлық жасады» деген күдікпен Германиядан экстрадицияланғаны туралы ақпарат жариялады. Malim.kz-тің дерегінше, Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар дүние-мүлкі тәркіленіп, банк, қаржы саасына 10 жылға дейін араласа алмайтын болды.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер