Халық үніне құлақ асатын мемлекет

3062
Adyrna.kz Telegram

«Халық үніне құлақ асатын мемлеке» немесе «Естуші мемлекет» - бұл тұжырымдаманы 2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтқан болатын.

«Азаматтардың, халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, барлығымзға ортақ міндет». Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаясси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», делінген жолдауда.

Иә,осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасады деген сенімдеміз.

«Естуші мемлекетте»- ең басты орында халықтың мүддесі тұрады, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өз ара қарым-қатынас механизмі қалыптасқан болуы тиіс, халықтың мемлекеттің  қабылдаған шешімдеріне еш кедергісіз қатысуға мүмкіндігі болуы және осы шешімдерді қабылдарда өз пікірлерін де ашық жеткізе алуы тиіс. Естуші мемлекет тұжырымдамасында мемлекеттік органдардың ең басты тапсырмасы- ол азаматтардың сұраныстарын қанағаттарындыра білуі керек. Естуші мемлекеттің мақсаты – ол азаматтардың өтініш-тілектерін жинап, қарастыру ғана емес, сол өтініштердегі мәселелерді шешу үшін азаматтардың өзін іске тарту және болашақта сол олқылықтардың болмауы үшін шаралар қолдану. Бұл тұжырымдама тек елдің астанасы не болмаса ірі қалалар аясында ғана емес еліміздің түкпір-түкпірін қамтиды.  Яғни шалғай ауылдардағы әкімдер болсын, мемлекеттік органдардың өкілдері болсын бұдан шет қалмайды.

"Біз цифрлармен, фактілермен, іс - әрекеттермен сендіре отырып, азаматтардың сынына және сындарлы ұсыныстарына жедел ден қоя отырып, олардың сенімін қалпына келтіруіміз керек", - деп атап өткен еді Президентіміз.

Осы  «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» - тұжырымдамасын жүзеге асыру мемлекеттік органдар үшін  дәл қазіргі кезде қатты қиындықтар тудырмайды деген сенімдеміз. Өйткені қазіргі уақытта, барлығымыз дерлік ғаламторды қолданамыз, әлеуметтік желілерді кең көлемде пайдаланымыз. Мемлекеттік органдар, тіпті сол мемлекеттік органдардың өкілдері, басшылары әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, тіркеліп халық пен ашық диалог құруға ешкімде кедергі келтірмейді.

«Халықпен тиімді кері байланыс орнату» - керектігін Президент өз жолдауында да тілге тиек еткен болатын. «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» - делінген жолдауда.

Қазіргі таңда «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің инстаграмм желісіндегі парақшасында аталған департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен тікелей эфирлер сериясы басталып кетті.

Президенттің өзінің бастамасымен  қолға алынып, жүзеге асып жатқан бұл бастамаға өз үлесін қосу азаматтарға берілген үлкен мүмкіндік болса, шенеуніктер үшін өз біліктіліктерін, кәсібиліктерін ортаға салатын кез.

Пікірлер