Е.Г.Брусиловскийге 115 жыл (Видео)

4267
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 115 жыл бұрын, яғни 1905 жылы 12 қарашада, Дондағы Ростов мекенінде композитор, қазақ музыкалық мұраларын жинақтаушылардың бірі, профессор, КСРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Григорьевич Брусиловский дүниеге келді.

Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған.

Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата - ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол - «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларының, «Сарыарқа», «Целинная», «Құрманғазы» симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50-ден аса ән мен романстардың авторы.

Е.Г.Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е.Г.Брусиловскийдің еңбегі зор.

Ленин, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

1981 9 мамырда Мәскеуде қайтыс болды.

 

Пікірлер