Мелания Трамп күйеуімен ажыраспақ

3775
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания ажырасуға арыз беру үшін жарының өкілеттілігі аяқталғанын күтіп отыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Daily Mail-ға сілтеме жасап.

«Мелания күйеуінің қызметтен кеткенін күтіп отыр және ажырасуға дейінгі минуттарын санаумен өткізуде», - деді президенттің бұрынғы көмекшісі Омарос Манига-Ньюман.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар әлі ажырасқан жоқ, өйткені бірінші ханым жағымсыз салдарға тап болуы мүмкін.

«Мелания Трамптың билігі кезінде шектен тыс қорлыққа қарсы тұрып, кетіп қалған жағдайда, жұбайы оны жазалаудың жолын табар еді», - деп мәлімдеді Омарос.

Бірінші ханымның тағы бір экс-көмекшісі Стефани Волкоффтың айтуынша, Трамп пен Мелания «іскерлік некеде» болған. Ерлі-зайыптылар тіпті бөлек бөлмелерде ұйықтаған.

Трамп жұбайының Нью-Йорктен Вашингтонға қоныс аударуы инаугурациядан кейін бес айдан соң болған. Ол некеден кейінгі келісім бойынша келіссөздер жүргізілуіне байланысты орын алды. Бұл ұлы Бэрронның мұрадан өз үлесін алуы қажет болды.

Айта кетейік, Дональд пен Мелания Трамп 2005 жылдың қаңтарында үйленген. Бір жылдан соң жас жұбайлардың Бэррон атты ұлы дүниеге келді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер