Күн суыта ма?

3322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/6c9cb554-b2e3-4146-bdca-060ffd381146.jpeg
"Қазгидромет" мамандары 10-12 қараша күндері ауа райының нашарлайтынын мәлімдеді,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Синоптиктердің айтуынша, жауын-шашын мен желдің күшеюі сақталады. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии