Ершат Оңғаров Мұхаметжан Тазабековке алғыс айтты

2785
Adyrna.kz Telegram

«Асыл арнаның» контентін «Халық арнаға» толық тапсыратын Мұхаметжан Тазабековке дән ризамыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхаметжан Тазабеков ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің отырысына келіп мәлімдеді. Тірнектеп жинаған контенттік архивін «Халық арнаға» толық тапсыратынын айтты. Мұхаметжанға осындай кемеңгерлік көрсеткені үшін дән ризамыз», - дейді ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров.

Сондай-ақ, «Халық арна» телеарнасының Бас директоры Нұржан Дарқұлов арнадан қандай бағдарламалар көрсетілетіні туралы айтты. «Бұл ҚМДБ-ның арнасы болғандықтан, негізгі басымдылық діни-ағартушылық бағытқа жұмсалады. Сонымен қатар, дәстүр құндылықтарын, тарих, мәдениет, дін мен дәстүр сабақтасқан, қабысқан мазмұндағы бағдарламалар болады. Сонымен қатар, бұл арнадан ұлт аспаптар оркестірінің концерттері, рухани кештер де көрсетіледі. Бұл - діни, мәдени, рухани, тарихи бағыттағы арна деуге болады», - дейді Нұржан Таласұлы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер