Қарызы бар жүргізушінің жолы кесілмек

2830
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында борышкер жүргізушілер енді арнайы бағдарламаның көмегімен ұсталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Облыс аумағында полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары салықтан, автокөлік айыппұлынан және алименттен заңсыз жалтарушыларды іздейді. Осы уақытқа дейін олардың саны 300 мыңнан асқан. Ал олардың қарыздары шамамен 2,5 млрд.

Арнайы бағдарлама автокөліктердің үлкен ағынында заң бұзушыларды табуға көмектеседі. Ол борышкерлерді нөмір бойынша анықтап, деректерді полицияға береді. Олар өз кезегінде көлікті дереу тоқтатады. Осыдан кейін салық қызметкерлері жүргізушіге қарызды сол жерде төлеуге міндеттейді.

Қарыз соммасы аз болған жағдайда жүргізіші бостылғанымен, берешегі көптердің көлігі тәркіленеді. Сарапшылардың пікірінше, салық төлеуден жалтарушылар жыл соңына дейін ұсталады.

"Бүгінге дейін біз 124 көлікті тоқтаттық, бюджетке 3,5 миллионнан астам қаражат өндіріп алдық. 500 мың теңгеден астам қарызы бар үш көлік арнайы тұраққа жіберілді", - деп түсіндірді Алматы облысы Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Нұрлан Жарманов.

Пікірлер