Шымкентте әйгілі Чарльз Чаплиннің ұлымен онлайн кездесу ұйымдастырылды

1836
Adyrna.kz Telegram

«Шымкент-цирк» мекемесі басшылығы әйгілі Чарльз Чаплиннің ұлы Юджин Чаплинмен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Мекеме басшысы Арман Әлиевтің әлеуметтік желідегі эфиріне Швейцарияның Женева қаласынан әйгілі әртіс Юджин Чаплин тікелей байланысқа қосылды. Онлайн жүздесуде Юджин Чаплиннің өмір жолы, қазақ циркінің өткені, бүгіні, болашағы жайлы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, тікелей эфир барысында Юджин Чаплиннің Шымкент циркінің дамуы жөніндегі ойлары, болашақта бірге іскерлік байланыс орнату жайы да кеңінен талқыланды. Әлемдік деңгейдегі цирк өнерінің қазіргі жағдайдағы ахуалы, кино индустриясы туралы да пікірлер ортаға салынды.

Цирк қызметкерлері онлайн эфирді лэд экран арқылы тамашалады. Юджин мырза Шымкент циркінің жанкүйерлеріне, көрермендеріне өз ризашылығын білдіріп, болашақта қазақ еліндегі цирк өнерін әлемдік деңгейде көргісі келетінін жасырмады.

Онлайн эфирде Қазақстандағы және Швейцариядағы көрермендер өз сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін жаудырғанын айта кеткен жөн.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер